Malim.kz
Әлем

Қырымда ұшақ апатынан 29 адам қаза тапты

Айбын Атабай
Wikipedia

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Апатқа дейін байланыс үзілген ұшақ жарға құлаған, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиға 31 наурыз күні Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 18:00–де түбек үстімен жоспарлы ұшу кезінде болған.

Ресей Қорғаныс министрлігі мәліметінше, іздестіру-құтқару тобы апат орнын тауып, борттағы барлық адамдардың қаза тапқанын растады. Ұшақта алты экипаж мүшесі және 23 жолаушы болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған, ұшаққа сыртқы әсер еткен факторлар тіркелмеген. Оқиға орнында әскери ведомствоның комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары