Malim.kz
Әлем

Қытай Батысты өзіне тәуелді етіп ұстап отыр. Батыс түк істей алар емес.

Ереке Базарқұл
©dw.com

Бұл туралы Неміс толқыны - DW жазыпты.

Сирек металдар смартфондар, автомобильдер сияқты жоғары технологиялық тауар өндіру үшін қажет. Оның үстіне - қару-жарақ өндірісінде де маңызды.

Соңғы онжылдықтарда Қытай бұл саланың ірі ойыншысына айналып кеткен. Қазір Қытай әлемдегі сирек металдар өндірісінің 70 пайызына дейін ие. Ал оларды өңдеудің 90 пайызына дейін қожалық етеді. АҚШ-та, Еуропа Одағы да өзін сирек металдармен қамту үшін Қытаймен келіссөздер жүргізіп жүр.

Айта кету керек, "сирек" деген атауына қарамастан, ондай металдар табиғатта сонша аз емес. Сирек металдардың кеніштері Ресейде, Канадада, Австралияда, АҚШ-та, Бразилияда, Үндістанда, Оңтүстік Африкада бар. Бірақ оларды өндіру экономикалық тұрғыдан тиімді бола бермейді.

Сарапшылардың пайымынша, басты проблема - сирек металдарды өңдеу және байытудың қуатын арттыру болып отыр. Жаһандық мәселелер бойынша Чикаго кеңесінің (CCGA) сарапшысы Карл Фридхоффтың айтуынша, АҚШ осы екі кезеңге көңіл бөлуі керек.

Бізде шикізат бар, бірақ оны өңдеу үшін Қытайға жіберуге мәжбүрміз, -

дейді ол.

Алайда, осы сарапшының айтуынша, өңдеу зауыттарын салу экологияға зардап сияқты біршама жаңа проблемалар туындатады екен. Сирек металдарды өндіру - қоршаған орта мен адам зиян, себебі олардың рудалары радиоактивті. Ал Қытай болса, сирек металдар өндіру ісінде озық тәжірибенің иесі екен. Ендеше, алда да Қытай сирек метал өндірісінде үздік болып қала бермек деп топшылайды сарапшылар.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары