Malim.kz
Әлем

Қытай Ресейден 961 млн долларлық алтын сатып алды

Арман Қайыпхан
Фото: Alexander Ryumin/ITAR-TASS/IMAGO

2025 жылғы қараша айында Қытай Ресейден рекордтық көлемде алтын сатып алды. Аталған айда Ресей Қытайға жалпы құны 961 млн АҚШ долларын (818,6 млн еуро) құрайтын алтын құймаларын экспорттаған, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Бұл – екі ел арасындағы сауда тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы 20 желтоқсанда РИА Новости Қытай кеден қызметінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады. Мәліметке сәйкес, қазан айында да жеткізілім көлемі жоғары болып, Ресей Қытайға 930 млн доллар (792,2 млн еуро) көлемінде алтын экспорттаған.

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы 11 айында Қытайдың Ресейден импорттаған алтынының жалпы құны 1,9 млрд долларды (1,6 млрд еуро) құрады. Алайда жыл басында жеткізілім көлемі мардымсыз болған: қаңтар мен қыркүйек аралығында экспорт көлемі небәрі 9 млн долларды (7,6 млн еуро) ғана құраған.

Салыстыру үшін айта кетсек, 2024 жылдың қазан-қараша айларында Ресей Қытайға алтын мүлде экспорттамаған, ал сол жылғы ең жоғары айлық көрсеткіш бар болғаны 223 млн доллар (189,9 млн еуро) деңгейінде болған.

Сарапшылардың пікірінше, алтын жеткізілімінің күрт өсуі екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын және Қытайдың алтын қорын арттыру стратегиясымен байланысты болуы мүмкін.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары