Бұл АҚШ қазан айының соңында «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына санкция енгізгеннен кейін болды, деп хабарлайды Malim.kz Bloomberg-ге сілтеме жасап.
Норвегиялық Rystad Energy консалтинг компаниясының бағалауынша, Қытай тәулігіне 400 мың баррель ресейлік мұнай сатып алудан бас тартқан. Бұл – Қытайға жеткізілетін ресейлік мұнай көлемінің шамамен 45 пайызы.
Ресейден отын жеткізуді Қытайдың ірі мемлекеттік мұнай компаниялары – Sinopec пен PetroChina, сондай-ақ шағын жекеменшік кәсіпорындар да тоқтатты. Олардың шешіміне Ұлыбритания мен ЕО-ның Қытайдың Shandong Yulong Petrochemical компаниясына қарсы санкциялары әсер еткен. Енді бұл компания тек ресейлік отынды ғана сатып ала алады, себебі батыс жеткізушілерімен жұмыс істеу мүмкін емес.