Malim.kz
Қоғам

"Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын": Мадина Сәдуақасова қуанышты хабарын айтты (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден. Суретте: Мадина Сәдуақасова мен жолдасы, ұлы

Әнші Мадина Сәдуақасова Тұрсын мен Баян Алагөзовтердің кенже қыздарының тұсаукесеріне қатысып, қуанышын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі мерейтойлық кештің ерекше сән-салтанатпен өткенін айтып, алған әсерін жасырмады.

"Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы. @theritzcarltonalmaty-ға кірген сәттен бастап гүлдердің керемет хош иісі сезілді. Холл да, зал да әдемі гүлдерге толы. Қос ханшайымның тойын нағыз корольдік үлгіде өткізген. Ертегідей сценарий, арнайы dresscode, осы кешке арналып жазылған әндер мен қойылымдар… Өте-өте әдемі, көңілді той болды", – деп жазды Мадина.

Әнші той барысында өткен байқауда iPhone 16 Pro Max ұтып алғанын да қуана хабарлады.

Сәдуақасова сондай-ақ Тұрсын мен Баянның бір-біріне айтқан шынайы тілектерін ерекше атап өтті. Келесі жылы жұлдызды жұптың отау құрғанына 10 жыл толатынын еске салды.

"Бәріміз, Құдай қаласа, Тұрсын мен Баяшаның үйлену тойының 10 жылдығын бірге атап өтеміз. Қос кенже қыздарының алғашқы қадамы құтты болсын! Бақыттарыңыз баянды болсын! Қыз күткен жандарға жұғысты болсын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да Мадинаның тілегіне қосылып, жылы пікірлерін қалдырды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары