Malim.kz
Қоғам

Қызылорда облысына жаңа әкім 8 мамырда сайланады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Қызылордада 8 мамыр күні облыс, қала және аудандық мәслихат депутаттарының бірлескен отырысы өтеді. Жиында өңірдің жаңа әкімін тағайындау мәселесі қаралады, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттар қатысатын жиын 8 мамыр таңғы сағат 09:00-де басталады. Қатысушыларды тіркеу 08:00-ден бастап жүргізіледі.

Жаңа әкімді тағайындау рәсімі 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Президент Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады. Құжатқа сай, мәслихат депутаттары облыс әкімін, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерін тағайындауға келісім береді.

2026 жылдың мамырына дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін Нұрлыбек Нәлібаев атқарған. Ол бұл лауазымға 2022 жылдың сәуірінде келген еді. Жақында оның Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне ауысқаны белгілі болды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары