Malim.kz
Қоғам

Қызылорда облысында аудандық сот төрағасы ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық департаменті Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықовты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, судьяға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдік бар. Алайда нақты қандай бап — пара алу немесе алаяқтық — бойынша айып тағылатыны тергеу барысында белгілі болады.

Қазіргі таңда құзырлы органдар бұл деректер бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары