Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қызылорда қаласындағы Денсаулық жәнедемалыс саябағында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ауқымды шараға облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтілуіне өзүлестерін қосты.
Шараға қатысушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер ұжымдық рухты көтеріп, адамдарды біріктіріп қана қоймай, экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді.
Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткенсенбілік қоршаған ортаны қорғау, табиғаттыаялау, қаланың санитарлық жағдайынжақсарту бағытындағы тұрақты жұмыстың бірбөлігі саналады. Осындай іс-шаралар арқылықоғамда экологиялық жауапкершілік күшейіп, туған өлкені қорғауға деген сүйіспеншілік арта түседі.
Фото: Қызылорда әкімдігі