Malim.kz
Қоғам

Қызылордада «Таза Қазақстан» аясында түсіндіру рейдтері өтті

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Қызылорда қаласында 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген «Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандырудың үлгілік қағидасын тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шара барысында тұрғындар арасында санитариялық талаптарды сақтау, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету, тұрмыстық қалдықтарды арнайы контейнерлерге орналастыру, сондай-ақ құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгуге жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Негізгі мақсаты – елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары