Malim.kz
Қоғам

Қызылордада заңсыз ұсталған 14 азамат уақытша ұстау изоляторынан босатылды

Арман Қайыпхан
Фото: polisia.kz

Қызылорда облыстық прокуратурасы өңірде жыл басынан бері қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушылықтың алдын алу аясында бұрын сотталған және бақылауда тұрған 1500-ден астам азамат тексеріліп, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Соның нәтижесінде аса ауыр қылмыстар – 5%-ға, қорқытып алу – 80%-ға, ұрлық – 34%-ға, мал ұрлығы – 36%-ға, ал бұзақылық 48%-ға азайған.

Сондай-ақ прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстың нәтижесін жариялады. Прокурорлар қылмыстық қудалау органдары қабылдаған 38 заңсыз шешімді келісуден бас тартып, заңсыз ұсталған 14 азаматты уақытша ұстау изоляторынан босатты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары