Malim.kz
Қоғам

Қызылжарда 89 жастағы әйелдің қазасына қатысты тергеу басталды

Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында 66 жастағы ер адам 89 жастағы анасын өлтірді деген күдікке ілінді , деп хабарлайды Malim.kz.

Paryz.kz мәліметінше, анасы мен баласының арасында жанжал туындаған. Ашуға булыққан ер адам қарт анасының басынан балтамен ұрған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті болған жағдай туралы полицияға өзі хабарлаған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жеке үйдің ауласынан 89 жастағы әйелдің денесі табылған. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен оның 66 жастағы баласы ұсталды.

Зейнеткерді өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары