Malim.kz
Қоғам

RAMS Qazaqstan компаниясының мәлімдемесі

Арман Қайыпхан
Фото: RAMS Qazaqstan

«РАМС Қазақстан» ЖШС (RAMS Qazaqstan) компаниясы өз клиенттерін, инвесторларын және жұртшылықты компания жұмысының тұрақтылығын және ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі уақытта RAMS Qazaqstan ребрендинг жүргізіп жатыр, оған фирмалық стильдің жаңартылуы кіреді. Бұл қадам компанияның даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады және қызмет көрсету сапасын, ашықтық пен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған.

Біз барлық үлескерлер мен инвесторлар алдындағы міндеттемелер толық көлемде орындалатынын ерекше атап өткіміз келеді. Құрылыс нысандарындағы жұмыстар қалыпты режимде жүргізілуде, ал орындалу кестесі инженерлік-техникалық мамандар мен серіктес құрылыс компаниялары тарапынан мұқият бақыланады. Ребрендинг процесіне байланысты техникалық жаңартулар жүргізілгендіктен, RAMS Qazaqstan-ның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларының жұмысы уақытша тоқтатылды. Біз бұл жағдайдың клиенттеріміздің алаңдаушылығын тудырғанын түсінеміз және ресми парақшалардың жақын күндері қайта іске қосылатынын сеніммен мәлімдейміз. Қазіргі уақытта барлық ресми жаңартулар, сондай-ақ құрылыс барысынан фото және бейне есептер әр нысанға арналған Telegram-арналарда жарияланып отыр. Сол арналарда клиенттер өз сұрақтарын қойып, постсатылымдық қызмет көрсету бөлімінің менеджерлерінен тікелей жауап ала алады, - деп мәлімдеді компания. 

Компания тұрақты қаржылық және құқықтық жағдайда жұмысын жалғастыруда. Үлестік қатысу туралы шарттар мен постсатылымдық қызмет көрсету бойынша барлық міндеттемелер толық көлемде орындалуда. RAMS Qazaqstan компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және барлық процестердің ашықтығы мен нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Біз ашық диалогқа әрдайым дайынбыз және кез келген сұрақтарға жауап беруге әзірміз. Ресми сайт: https://ramsqz.com/. Кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 771 734 09 49, +7 771 765 84 72, +7 777 747 88 91, +7 771 722 63 97, сондай-ақ WhatsApp арқылы +7 771 504 66 52 нөміріне жазуға болады. RAMS Qazaqstan әрдайым өз клиенттері мен серіктестеріне деген адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстанып келеді. Біз жұртшылықты тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған немесе расталмаған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Жақын уақытта компания ребрендинг процесін аяқтап, ресми әлеуметтік желідегі парақшаларының жұмысын қайта бастайды және нарықтағы позициясын нығайту мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жаңартылған даму стратегиясын ұсынады. RAMS Qazaqstan өз қызметін әдеттегі режимде жалғастыруда, барлық міндеттемелерін орындап, сапа стандарттарын үнемі жетілдіруде. Біз өз клиенттеріміз бен серіктестерімізге осы жаңару кезеңінде білдірген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Құрметпен, «РАМС Қазақстан» ЖШС (RAMS Qazaqstan), - делінген мәлімдемеде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары