Солтүстік Қазақстан облысындағы №50 мекемеде жазасын өтеп жатқан 43 жастағы әйелдің жаза мерзімі 7 айға қысқартылып, қайта бейбіт өміріне оралды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша 9 айға бас бостандығынан айырылған.
Амнистиямен 250 адамның, оның ішінде 50-ден астам әйелдің жазасы жеңілдеп, мерзімінен бұрын шығады.
Фото: СҚО ҚАЖД