Malim.kz
Қоғам

Рауан Кенжеханұлы: Заң қазақ тілінде жазылуы керек

Айбын Атабай
Рауан Кенжеханұлының жеке мұрағатынан

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы заңдар қазақ тілінде жазылуы керектігін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның пікірінше, соттардың өзі заңның қазақ тіліндегі нұсқасымен үкім шығаруға дайын емес. 

Сондықтан заң ең алдымен қазақ тілінде жазылуы керек. Ал қазір заңдарды аудармашы аударғаннан кейін кейде түсініксіз, ал кейде мағынасы қарама-қайшы болуы мүмкін. 

Сонымен қатар кез келген келісімшарт та мемлекеттік тілде жазылуы қажет.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары