Қазақстан тарихында тұңғыш рет өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұл тәуелсіздік алған жылдарда болған абсолютті рекорд, дейді министрлік.
"1991-2025 жылдар аралығында демографиялық деректерді талдау ұлттың өмір сүру сапасы мен денсаулығындағы түбегейлі өзгерістерді көрсетті. 1991 жылы өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 67,6 жас болған (2001 жылы – 65,6, 2011 жылы – 68,98, 2021 жылы – 70,23). Осылайша, 35 жылда Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам өсті", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – жұқпалы емес аурулармен күресу.
Сондай-ақ оң динамика денсаулық сақтауды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өлім-жітім деңгейін төмендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін көрсетеді.
Денсаулық сақтауды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін арттыруға ниетті.