Malim.kz
Әлем

Ректор Өзбекстан ядролық қаруға ие болу керектігін ашық айтты

Айбын Атабай
АН Podrobno.uz

Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзод Қудратхужа Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін Өзбекстанның ядролық қаруға ие болуы қажет екенін қолдайтынын айтты. Бұл туралы Malim.kz Nuz.uz телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, «Өзбекстан шағын мемлекет болса да, ядролық қаруға ие болуы тиіс».

2019 жылдың шілде айында Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы» заң жобасын екінші және үшінші оқылымда қабылдады. Құжаттың ең басында, ең алдымен, ядролық қару мен басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіруге тыйым салынатыны көрсетілген. Өзбекстанда ешқашан мұндай қару түрін өндіруге арналған қуаттар болған емес. Кеңес Одағы кезеңінде Өзбек КСР аумағында зениттік зымырандарға арналған 50 ядролық оқтұмсық сақталған. КСРО ыдырағаннан кейін республиканың бүкіл ядролық әлеуеті Ресей аумағына әкетілді. Сондай-ақ кеңестік жылдары, 1966 және 1968 жылдары республика аумағында ұңғымалардағы газ фонтанын тоқтату үшін екі өнеркәсіптік ядролық жарылыс жасалған.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары