Malim.kz
Экология

RES 2026 саммиті: Астанаға бірқатар елдің басшылары келді

Айбын Атабай
Үкімет

Елордада өтетін RES 2026 халықаралық экологиялық саммитіне қатысу үшін бірқатар мемлекет басшылары мен үкімет өкілдері Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадов және Грузия Президенті Михаил Кавелашвили қатысады. Саммит 22-24 сәуір аралығында өтеді.

– Халықаралық RES 2026 экологиялық саммиті аясында мемлекеттер арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты даму мәселелері талқыланады, – делінген ресми ақпаратта.

Ауқымды іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге қарсы іс-қимыл және «жасыл» технологияларды дамыту бағыттары күн тәртібіне шығарылады.

Айта кетейік, cаммит аясында RES 2026 EXPO көрмесі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары