Malim.kz
Әлем

Ресей АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларын қатаң айыптады

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Ресей СІМ АҚШ пен Израиль-дің Иран аумағына жасаған әуе соққыларын қатаң айыптап, бұл әрекеттерді халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ведомство оларды «ойланбай жасалған қадам» әрі «қауіпті авантюра» деп бағалады.

Мәскеудің мәлімдеуінше, операция — БҰҰ-ға мүше егемен мемлекетке қарсы алдын ала жоспарланған және себепсіз қарулы агрессия. Ресей тарапы Вашингтон мен Тель-Авивтің әрекеттері Таяу Шығыстағы жағдайды күрт ушықтырып, аймақты гуманитарлық, экономикалық және ықтимал радиологиялық апатқа жақындатуы мүмкін екенін ескертті.

Ресей билігінің пікірінше, АҚШ пен Израильдің мақсаты — Ирандағы конституциялық құрылысты әлсірету және ел басшылығын жою. Мәскеу мұндай қадамдар аймақтағы тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіріп, қақтығыстың кеңеюіне алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

Осыған байланысты Ресей БҰҰ мен МАГАТЭ басшылығын аталған әрекеттерге объективті баға беруге және жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге шақырды. Мәскеу халықаралық қауымдастықты бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған нақты шаралар қабылдауға үндеді.

Ресей тарапы шиеленісті дереу тоқтатып, жағдайды саяси-дипломатиялық реттеу арнасына қайтару қажет екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Мәскеу, бұрынғыдай, қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жәрдем көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары