Malim.kz
Әлем

Ресей әскері Харьков, Днепр және Запорожьеге әуе соққыларын жасады

Арман Қайыпхан
Фото: Roman Pilpey/AFР

17 мамырға қараған түні Ресей әскері Украинаның бірнеше өңіріне қайтадан зымыран және дрондармен соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтемем жасап.

Шабуылдар Харьков, Запорожье, Днепропетровск және Одесса облыстарында тіркелді.

Харьков қаласының мэрі Игорь Терехов дрондар Салтов, Киев, Основян және Холодногор аудандарына түскенін мәлімдеді. Көпқабатты тұрғын үйдің терезелері сынған, 10-нан астам көлік зақымданған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Иван Федоров Ресей дроны жанармай құю бекетіне соққы жасап, нысан толығымен өртеніп кеткенін хабарлады. Салдарынан 25 жастағы әйел жарақат алған.

Кейінірек аймаққа басқарылатын авиациялық бомбалармен де шабуыл жасалғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның салдары нақтыланып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары