Malim.kz
Әлем

Ресей әскері Херсонды атқылады: бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Арман Қайыпхан

Ресей әскерінің Херсон мен Белозерка елді мекендерін атқылауы салдарынан 24 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге  сілтеме жасап.

Тағы төрт жергілікті тұрғын жарақат алды. Бұл туралы 11 қазан күні Херсон облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Александр Прокудин Telegram-арнасында хабарлады.

Бастапқы мәлімет бойынша, жарақат алғандар — 39 жастағы екі тұрғын. Кейінірек 53 және 60 жастағы ер адамдардың да бас-сүйек, жарылыс және сынық жарақаттарын алғаны белгілі болды.

Әкімшілік мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы ауыр, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салуда.

Фото: Middle East Images/picture allianc

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары