Malim.kz
Әлем

Ресей дрондары алғаш рет Румыниядағы нысандарға зақым келтірді

Арман Қайыпхан
Фото: Aleksandr Gusev/Pacific Press/picture alliance

Бухарест Ресей дронына қатысты оқиға аясында Мәскеудің әрекетін айыптап, бұл жағдайдың НАТО-ның ұжымдық қауіпсіздігіне қатер төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Румыния америкалық дрондарға қарсы күрес жүйесін біріктіруге дайындалып жатыр.

НАТО-ға мүше Румыния аумағына алғаш рет ресейлік дрондардың сынықтарынан материалдық залал келді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі сенбі, 25 сәуір күні хабарлады. Елдің оңтүстік-шығысындағы Галац қаласында электр бағанасы мен бір ғимарат зақымданған, зардап шеккендер жоқ. Оқиға Ресейдің Украинаға жасаған кезекті жаппай шабуылы кезінде болған.

Румыния Қорғаныс министрлігі Ресейдің әрекетін жауапсыздық деп бағалады. Ведомство мәлімдемесінде: «Мұндай оқиғалар Ресей Федерациясының халықаралық құқықты құрметтемейтінін көрсетеді және тек румын азаматтарының қауіпсіздігіне ғана емес, НАТО-ның ұжымдық қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді», — деп атап өтілген.

Румынияның Украинамен ортақ шекарасының ұзындығы 650 шақырымды құрайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары