Ресейлік ғарышкер Олег Артемьев Халықаралық ғарыш станциясына ұшуы тиіс Crew-12 миссиясының негізгі экипажынан, ұшуға екі жарым ай қалғанда шығарылып тасталды. Бұл туралы The Insider хабарлады.
Ғарыш сапарларын талдаушы Георгий Тришкин Артемьевтің экипаждан шығарылуы АҚШ-тың халықаралық қару саудасын реттейтін ITAR (International Traffic in Arms Regulations) ережелерінің өрескел бұзылуымен байланысты деп тұспалдайды. Оның сөзінше, Артемьев SpaceX компаниясының Готорндағы базасында дайындық кезінде:
- SpaceX қозғалтқыштарын,
- құпия техникалық құжаттарды
фотоға түсіріп, сыртқа алып шыққан деген күдік бар.
«Менің дереккөздерім ITAR бұзылғанын растап отыр. Ұшуға небәрі 2.5 ай қалғанда еш түсініктемесіз экипаждан шығару - жанама болса да, өте айқын белгі. Тәжірибелі ғарышкердің мұндай қателікті кездейсоқ жасауы екіталай», —
дейді ол.
Тришкиннің айтуынша, NASA бұл дауды жабық қалдыруға тырысуда. Ал ресейлік тарап Артемьевтің орнын ауыстыру себебін тек «бөтен жұмысқа ауысуымен» түсіндіріпті.
Қазір NASA да, SpaceX те ITAR ережесінің ықтимал бұзылуына ресми пікір білдірген жоқ.