Malim.kz
Әлем

Ресей Киев пен Харьковтағы энергетикалық нысандарға қайта шабуыл жасады

Арман Қайыпхан
Фото: Roman PilipEy/AFP/Getty Images

Украина астанасында РФ-ның жаппай шабуылынан кейін жылу мен су беру мәселелері қайта туындады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Қала үзілістер арасында қалпына келтіруге үлгермей отыр.

Сенбіге қараған түні, 24 қаңтарда Ресей әскері Украинаны тағы да зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жаппай шабуылдады. Украина билігі мен құтқару қызметтерінің хабарламаларына сәйкес, шабуылдың негізгі нысанасы Киев болды, онда РФ қайтадан маңызды инфрақұрылым объектілеріне соққы жасаған.

Киев мэрі Виталий Кличко Днепр өзенінің сол жағалауында жылу және су жеткізуде үзілістер болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, алдын ала мәліметтер бойынша, қаланың кемінде бес ауданында — Деснян, Днепров, Дарницкий, Голосеев және Соломен аудандарында — дрон қалдықтарының құлауынан түрлі оқиғалар тіркелген. Кейбір жағдайларда өрт шыққанымен, айтарлықтай қираулар анықталмаған.

Хабарламада кемінде бір адамның қаза тауып, төрт адамның жарақат алғаны айтылды. Қалада әуе дабылы режимі таңертеңге дейін жалғасын тапты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары