Malim.kz
Әлем

Ресей Киевке соққы жасады: зардап шеккендер бар

Malim Админ

6 сәуірге қараған түні Ресей әскері Киевке ракетамен соққы жасады. Украина төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік қызметінің мәліметінше, кемінде үш адам зардап шеккен. Бұл туралы Азаттық хабарлады. 

Қаланың Дарница, Соломенск және Оболонский аудандарында өрт шыққан. Адам тұрмайтын құрылыс қирап, бірнеше көлікті бүлдірген. Бұған қоса, бизнес-орталық ғимараты жартылай бүлінді деп жазды Киев мэрі Виталий Кличко.

Фото: BBC 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары