Malim.kz
Әлем

Ресей мен Сирия әскери базалар бойынша келісімге келді

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Ресейдің Сириядағы Хмеймим әуе базасы мен Тартус әскери-теңіз базасы үш ай ішінде «бірлескен оқу-жаттығу орталықтарына» айналады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ал азаматтық инфрақұрылым Сирия билігінің басқаруына беріледі.

Ресей мен Сирия билігі 18 айға созылған келіссөздерден кейін Ресейдің елдегі әскери базаларының болашағына қатысты ортақ шешімге келген.

Сирияның ресми SANA ақпарат агенттігінің 9 тамыздағы хабарлауынша, Хмеймим әуе базасы мен Тартус әскери-теңіз базасы «бірлескен оқу-жаттығу орталықтары» ретінде жұмыс істейтін болады.

Екі базадағы азаматтық нысандар Дамаскінің бақылауына беріледі. Атап айтқанда, Тартус портындағы айлақтардың бірі Сирияның азаматтық билігінің басқаруына өтеді.

Дамаск пен Мәскеу қол қойған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, бұл жоспарлар үш ай ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары