Malim.kz
Әлем

Ресей өкілі АҚШ-пен өткен келіссөздердің алғашқы нәтижесін бағалады

Арман Қайыпхан
Фото: Kristina Kormilitsyna/Sputnik/AP Photo/dpa/picture alliance

Ресей делегациясы Украина мәселесі бойынша АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдерімен Майамиде өтіп жатқан екі күндік кездесуге қатысуда, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев келіссөздердің алғашқы сағаттарын «конструктивті» деп бағалады.

Оның айтуынша, РФ-ның Украинаға қарсы соғысын аяқтаудың ықтимал жолдары талқыланып жатыр, ал пікірталас демалыс күндері бойы жалғасады. Бұл туралы Дмитриев сенбі күні, 20 желтоқсанда, үзіліс кезінде ресейлік БАҚ-қа мәлімдеді.

«Пікірталастар конструктивті түрде өтуде. Олар бүгін басталды және бүгін де, ертең де жалғасады», – деп келтіреді оның сөзін ТАСС.

Алайда ол келіссөздердің мазмұнына қатысты егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартты.

Майамиде Ресей делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамптің Украина жөніндегі арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен, сондай-ақ Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен кездесуде.

Келіссөздер аясында америкалық The Wall Street Journal газеті Ресей президенті Владимир Путин Уиткоффты Мәскеу үшін «ыңғайлы келіссөз жүргізуші» деп санап, оны АҚШ тарапынан негізгі келіссөзші ретінде жеке өзі қолдағаны туралы материал жариялады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары