Malim.kz
Әлем

Ресей президентінің көмекшісі АҚШ-пен келіссөздерді WhatsApp арқылы жүргізген

Арман Қайыпхан
Фото: Роман Наумов / URA.ru / Global Look Press

Бұл туралы Юрий Ушаков АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен Трамптың жоспары жөніндегі әңгімесі БАҚ-та жарияланғаннан кейін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жабық байланыс арқылы байланысатын сәттер болады, онда ақпараттың сыртқа шығуы мүмкін емес. Әрине тек қандай да бір тарап әдейі таратуы мүмкін. Ал кейде WhatsApp арқылы да әңгімелер болады, оларды біреулер біліп қоюы мүмкін», – деді Ушаков.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Уиткофф пен Ушаковтың 14 қазанда болған деп болжанған 5 минуттық телефон әңгімесінің расшифровкасын жариялаған.

Әңгіме барысында АҚШ өкілі Ресей әріптесіне Украина басшысы Владимир Зеленский Вашингтонға келмей тұрып, Путинге Ақ үйге қоңырау шалуға кеңес бергені айтылады. Сондай-ақ ол Трамптың көңілін табу үшін Путинге қалай сөйлесу керегін түсіндірген.

Сонымен қатар Путиннің тағы бір өкілі – РФ тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриевпен Ушаков арасындағы болжамды әңгіме жайлы деректер жарияланды.

Қазан айының соңында өткені айтылған бұл әңгімеде олар АҚШ-қа «Трамп жоспарының» негізіне айналуы мүмкін құжатты қалай жеткізу жолдарын талқылаған. Дмитриев бұл әңгімеге қатысты жарияланған ақпаратты «фейк» деп атады, ал Ушаков оны жоққа шығарған жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары