Malim.kz
Әлем

Ресей «шетелдік агенттер» туралы заңға түзетулер енгізеді

Арман Қайыпхан
Фото: Alexei Danichev/ITAR-TASS/IMAGО

Ресей Мемлекеттік думасы «шетелдік агенттер» мәртебесіне ие тұлғалардың қаржылық әрекеттерін бақылауды күшейтетін заңға түзетулер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Жаңа заң «шетелдік агенттердің» шоттары, салымдары мен операциялары бойынша есептілікті жеңілдетіп, тездетуді көздейді. Қазір банктер бұл ақпаратты РФ Әділет министрлігінің сұранысы бойынша жазбаша түрде береді. Депутаттар есептілікті электрондық форматқа ауыстырып, сұраныстан кейін үш жұмыс күні ішінде мәлімет беруді міндеттеуді ұсынады.

Володиннің айтуынша, бұл «шетелдік агенттердің қаржылық операцияларын бақылауды күшейтіп, заң бұзушылықтарға жедел әрекет жасауға мүмкіндік береді»

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары