Malim.kz
Құқық

Ресей танымал журналист Дудьті тергеуге алмақ

Айбын Атабай
ok-magazine.ru

Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Украина жағында соғысып жүрген "Орыс еріктілер корпусының" жетекшісі Денис Капустиннен сұхбат алған журналист Юрий Дудьтың әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды. Бұл жөнінде 3 сәуірде тергеу комитеті хабарлады.

Капустинмен видеосұхбат жуырда жарияланған және соғысқа қарсы комментаторлар арасында үлкен резонанс туғызды.

Дудьпен сұхбатта "Орыс еріктілер корпусының" жетекшісі 2023 жылы Брянск облысындағы рейдке ұйым өкілдері қалай қатысқанын баяндайды. Ресей билігі оны теракт деп атаған. Капустин сонымен бірге өзінің әсіреоңшыл саяси көзқарасы туралы да айтады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары