Тернопольде 19 қарашадағы Ресей шабуылы болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Тұрғын үйлерге жасалған соққы салдарынан 34 адам қаза болды. Тағы алты адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.
19 қарашада Тернопольге жасалған Ресейдің ракеталық соққысы нәтижесінде қаза болғандар саны 34-ке жетті. Бұл туралы жексенбі, 23 қараша күні облыстық әскери әкімшілігі басшысының орынбасары Тарас Пастух хабарлады.
«34 адамның қаза болғанын растай аламыз, олардың 33-і идентификацияланды», — деді ол Telegram-дағы видеоүндеуінде.
Пастухтың айтуынша, тағы бір дене фрагменті ер адамға тиесілі, оның тұлғасын сарапшылар анықтап жатыр. Хабар-ошарсыз кеткендер қатарында алты адам бар — екі ер адам, үш әйел және бір бала.