Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Ресей Қарулы күштерінің Днепр, Днепр облысы және басқа өңірлерге жасаған түнгі шабуылы салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам жараланған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
20 қыркүйекке қараған түні Ресей Қарулы күштері Украинаға жаппай шабуыл жасады. Шабуыл барысында 40 қанатты және баллистикалық зымыран, сондай-ақ шамамен 580 түрлі дрон қолданылды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-да хабарлады.
Оның айтуынша, соққы Днепр қаласына, Днепр, Николаев, Чернигов, Запорож облыстарына, сондай-ақ Полтава, Киев, Одесса, Сумы және Харьков облыстарының бірқатар қауымдарына бағытталған.
«Днепрде кассеталық оқ-дәрімен жабдықталған зымыранның көпқабатты үйге тура соққы жасағаны тіркелді», – деді ол.
Шабуылдан ондаған адамның жараланғаны, үш адамның қаза тапқаны белгілі болды.
«Украина өзін де, Еуропаны да қорғай алатынын дәлелдеді. Бірақ сенімді қорған үшін біз бірігіп әрекет етуіміз керек: әуе қорғанысын күшейту, қару жеткізілімін арттыру, Ресейдің әскери машинасына және оны қаржыландыратын салаларға қарсы санкцияларды кеңейту қажет», – деп атап өтті Зеленский.
Фото: State Emergency Service of Ukraine/REUTERS