1 қараша таңертең Ресей әскері Украина аумағына жаңа әуе шабуылын жасады. Соның салдарынан Полтава облысының Полтава ауданы аумағындағы газ өндіру саласына тиесілі нысандардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, өрт жергілікті уақытпен таңғы 6:00-де сөндірілді.
Николаев қаласына жасалған баллистикалық зымыран соққысынан кемінде бір бейбіт тұрғын қаза тауып, 15 адам жараланды. Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Виталий Кимнің айтуынша, соққы шамамен сағат 07:20-де «Искандер-М» кешенінен кассеталық бөлікпен жасалған. Жарақат алғандар арасында бала да бар, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.