Malim.kz
Әлем

Ресей Украинаны тағы да дрондармен атқылады

Арман Қайыпхан
Фото: Iryna Rybakova/Ukrainian Armed Forces/Handout/REUTERS РЕКЛАМА

Ресей әскерлері Краматорск қаласына авиабомба тастап, Херсонға реактивті залптық от жүйелері (РСЗО) арқылы соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Полтава облысында «Нафтогаз» нысандары шабуылға ұшырады. Одессада өнеркәсіптік нысан зақымданды. Львовта жарылыстар болғаны хабарланды.

Ресейдің Қарулы күштері жексенбіге қараған түні, 8 ақпанда, Украинаға Курск, Орёл, Брянск, Приморско-Ахтарск және Шаталово бағыттарынан Shahed, «Гербера», «Италмас» үлгісіндегі және басқа да типтегі 101 соққы жасаушы дронмен шабуыл жасады. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің Әуе күштері Telegram-арнасында хабарлады.

Әуе қорғанысы елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 69 ұшқышсыз ұшу аппаратын жойды. 32 соққы жасаушы дронның 13 жерде нысанаға тигені, сондай-ақ бір жерде олардың қалдықтары құлағаны тіркелді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары