Malim.kz
Әлем

Ресей Жеңіс күні қарсаңында Украинаға уақытша бітім ұсынды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр/youtube/@kpru

Ресей Қорғаныс министрлігі 8-9 мамырға уақытша бітім жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл қадам Жеңіс күні мерекесіне орай ұсынылып отыр.

Ресей тарапы Украина да осы бастаманы қолдайды деп үміттенетінін жеткізді.

Сонымен қатар, егер Киев мерекені өткізуге кедергі келтіруге әрекет жасаса, Ресей қарулы күштері жауап соққы беретінін, соның ішінде Киевтің орталығына соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті.

Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский Киевке 9 мамырға қатысты ресми түрде атысты тоқтату ұсынысы түспегенін айтты.

Оның сөзінше, күн сайын жалғасып жатқан шабуылдар аясында мұндай мәлімдемелер циникалық әрі шынайы емес көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин 9 мамырға орай бітім жариялау идеясын АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен әңгіме барысында ұсынған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары