Malim.kz
Әлем

Ресейде болған торнадо біраз елді жарықсыз қалдырды

Мәди Саматұлы

Ресейде табиғаттың ерекше құбылысы – торнадо болды. Алып құйын Челябі облысы мен Башқұртстан аумағын шарпыған, деп хабарлайды Malim.kz.

Табиғаттың тентек мінезінің бейнежазбалары әлеуметтік желіде жарияланды. Известия басылымының жазуынша, аталған аумақтарда алдымен 8 маусымда қатты найзағай ойнап, бұршақ жауған. Оның арты торнадоға ұласқан. Соның салдарынан бұл өңірлерде біраз елдімекенінде электр жарығы өшкен. 

Башқұртстан ТЖМ мәлімдемесінде дауыл аралас бұршақтың бар-жоғы 10 минутқа созылғанын айтқан. Соның өзі-ақ 8 бетон бағана мен жанармай бекеті, екі көлік және де жол белгілерін қиратып кеткен.

Агапов ауданы басшысы да мәлімдемес жасап, Челябинск облысында электр желілеріне зақым келіп, 8 елдімекеннің жарықсыз қалғанын жеткізді.   

Фото: iz.ru

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары