Ресей Мемлекеттік думасы диверсиялық сипаттағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік жасын 16-дан 14 жасқа дейін төмендететін заң қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.
Сондай-ақ, заң кәмелетке толмағандарды терроризм мен диверсияға тартқаны үшін жазаны күшейтеді және мұндай қылмыстар бойынша ескіру мерзімін, шартты жазаны қолдану мүмкіндігін алып тастайды.
“Север.Реалии” жобасының дерегінше, Украинадағы соғыс басталғалы Ресейде диверсия бабы бойынша сотталған әр төртінші адам – жасөспірім.
Тек 2025 жылдың алғашқы алты айында елде терроризм мен диверсияға байланысты баптар бойынша кемінде 42 кәмелетке толмаған бала ұсталған.
Журналистер олардың нақты саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.