Malim.kz
Әлем

Ресейдің Украинаға қатысты жоспары 2027 жылға дейін созылуы мүмкін

Арман Қайыпхан
Фото: REUTERS

Ресей Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі мазмұнды келіссөздерге 2027 жылдың ақпанына дейін қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Басылым Мәскеудегі дереккөзге сілтеме жасап, Ресей президенті Владимир Путин әскерге 2026 жылдың соңына дейін Донецк облысының Украина бақылауындағы қалған бөлігін басып алу міндетін қойғанын хабарлады. Осыған байланысты Кремль аталған мерзімге дейін келіссөздерге мүдделі емес деген болжам айтылған.

Бұл мәліметті бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский де мәлімдеп, Ресейдің әскери жоспары Донбасты толық бақылауға алуға бағытталғанын айтқан.

Алайда бұл ақпаратқа Ресей билігі ресми түсініктеме берген жоқ. Басылым келтірген мәлімет тәуелсіз түрде расталмаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары