Malim.kz
Әлем

Ресейдің Украинаға шабуылы: 4 адам қаза тапты, үшеуі бала

Айбын Атабай
Staatlicher Rettungsdienst der Ukraine

Ресейлік ұшқышсыз ұшу аппаратының Харьков облысындағы Богодухов қаласына жасаған соққысы салдарынан үш кішкентай бала мен бір ер адам қаза тапты. Бұл туралы 11 ақпан, сәрсенбіге қараған түні облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Олег Синегубов хабарлады.

Оның айтуынша, ұшқышсыз аппарат жеке тұрғын үйге түскен, үйінділердің астында 34 жастағы ер адам, екі жастағы қыз бала және бір жастағы екі ұл бала қалған. Дәрігерлер мен құтқарушылардың жұмысына қарамастан, оларды аман алып қалу мүмкін болмады. Сонымен қатар, шабуыл кезінде 35 жастағы жүкті әйел жарақат алғанын Харьков облыстық әскери әкімшілігінің басшысы атап өтті.

11 ақпанға қараған түні ресейлік әскерлер Запорожье қаласындағы инфрақұрылым нысанына да дрондармен шабуыл жасағанын Запорожье облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Иван Федоров мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл салдарынан қаладағы шамамен 11 мың тұрғын жарықсыз қалды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары