Malim.kz
Әлем

Ресейдің жаңа соққыларынан Украинада балалар қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: Zaporizhzhia Region Military Administration/REUTER

Ресей Одесса, Запорожье, Днепропетровск облыстары мен Херсондағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Одесса облысында екі, Днепропетровск облысында төрт адам, соның ішінде екі бала көз жұмды.

Украина Қарулы күштерінің әуе күштерінің мәліметінше, Ресей түнде 79 соққы беруші ұшқышсыз аппарат (Shahed, «Гербер» және өзге типтегі дрондар) мен екі «Искандер-М» баллистикалық зымыранын қолданған. Зымырандар Брянск облысынан, ал дрондар Курск, Ростов облысындағы Миллерово, Орел және Краснодар өлкесіндегі Приморско-Ахтарск қалаларынан ұшырылған.

Алдын ала дерекке сәйкес, Украина әуе қорғанысы солтүстікте, оңтүстікте және шығыста 67 ресейлік дронды атып түсірген немесе басып тастаған. Сонымен қатар бір баллистикалық зымыран мен 12 соққы беруші дронның алты нысанаға тигені, сондай-ақ екі жерде атып түсірілген дрондардың сынықтары құлағаны тіркелді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары