Malim.kz
Әлем

Ресейлік әскерилерге Telegram-ды өшіру туралы бұйрық беріліп жатыр

Айбын Атабай
anti-malware.ru

Ресейлік әскери қызметкерлерге Telegram мессенджерін өшіру туралы бұйрық беріліп жатыр, әйтпесе оларды шабуылға жібереміз деп қорқытады. Бұл туралы ресейлік насихаттық Telegram-арналары хабарлайды.

«Фронт бойынша телефондардан телеграмды өшіру жөнінде нұсқау таратылды… Егер анықталса — әдеттегідей, штурмовиктердің қатарына қосыласың», — деп жазады арналардың бірі өз дереккөзіне сілтеме жасап. «Белорусский силовик» арнасы да фронттан Telegram-ды өшіру талабы туралы ақпарат алғанын мәлімдеді.

Ресейдің ФСБ-сы әскери қызметкерлерге Telegram қолдану қауіпті екенін мәлімдеген болатын, себебі Киев мессенджер арқылы жіберілген ақпаратты тез арада ұстап алуы мүмкін деп есептейді. Ал ресейлік әскери блогерлер Telegram әскер ішінде өте қажет және кеңінен қолданылып жатқанын айтқан. Кремль болса «фронттағы байланыс Telegram арқылы қамтамасыз етіледі» дегенге күмән келтірді.

Бұған дейін Ресей президенті әкімшілігі аймақтық билік органдарына Мемлекеттік Дума сайлауы қарсаңында мессенджердің мүмкін болатын бұғатталуына дайындалу қажеттігі туралы ескерткені белгілі болған. «Верстка» басылымының дереккөзі бұл шешімді Ресей Қауіпсіздік кеңесі қабылдағанын айтқан. Хабарларға қарағанда, мессенджер Ресейде сәуір айының басында толықтай бұғатталуы мүмкін.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары