Malim.kz
Әлем

Ресейлік дрондар Одессада көпқабатты тұрғын үйді зақымдады

Айбын Атабай
State Emergency Service of Ukraine/REUTERS

Ресей әскерлері 17 ақпанға қараған түні Одесса қаласына дронмен шабуыл жасады. Инфрақұрылым нысаны мен азаматтық ғимараттар зақымданды, деп хабарлады Одесса қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак.

«Аудандардың бірінде тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарында өрт шықты. Басқа ауданда дүкен мен техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) зақымданды. Екі адамның зардап шеккені белгілі», – деп жазды Лысак Telegram-да.

Страна.ua басылымының мәліметінше, қаланың бір бөлігінде электр энергиясы мен су жеткізуде іркілістер тіркелген. Суспільне телеарнасы сондай-ақ Днепр қаласында және Сумы облысындағы Ахтырка қаласында жарылыстар болғанын хабарлады. Кейін Днепрдің бір ауданында өрт шыққаны белгілі болды. Атқылау салдарынан әкімшілік ғимарат пен бірнеше автокөлік зақымданған. Облыстық әскери әкімшілік басшысының алдын ала ақпараты бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Ресейде бірнеше әуежай «Ковер» жоспарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігі 16 ақпан күні сағат 20:00-ден 00:00-ге дейін Ресей өңірлері үстінде 76 украин дроны жойылғанын мәлімдеді. Северский ауданы аумағында ұшқышсыз аппараттардың сынықтары құлағаннан кейін екі адам зардап шегіп, төрт жеке тұрғын үй зақымданған, олардың екеуінде өрт шыққанын жергілікті жедел штаб хабарлады.

Украинская правда жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап жазуынша, Украина Қарулы күштерінің дрондары Ильский нефтеперерабатывающий завод нысанын соққан, зауыт аумағында қатты өрт шыққан.

17 ақпанға қараған түні Казань, Нижнекамск, Ижевск, Ульяновск, Пенза, Тамбов, Уфа және Сочи әуежайлары өз жұмысын уақытша тоқтатты.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары