Қазақстан Жазушылар одағының және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, бүгін, 10 тамыз күні Ұлттық академиялық кітапханада «Сөз өнері: Жасампаз жас қалам» атты республикалық әдеби форум өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Айтулы басқосуға Астана, Алматы қалаларынан, Ұлытау, Қарағанды облыстарынан аға буын қаламгерлер, әдебиет сыншылары, әдебиетші-ғалымдар, сондай-ақ жас ақын-жазушылар қатысады.
Осынау іс-шараның алдында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтің Абай күнімен құттықтауы жарияланды. Онда "Абайдың шығармалары – ұлттың рухани жады, ал оның қара сөздері – ұрпақ тәрбиесіне, адамдық қасиетке, елдік санаға қызмет ететін өміршең мұра. Сондықтан Абайды тану – қазақтың өзін тануы, Абайды оқу – өз болмысымызға үңілу" деген сөздер бар.