Malim.kz
Әлем

Рязань облысына дрондар жаппай шабуыл жасады

Арман Қайыпхан
Фото: Alexander Ryumin/TASS/picture alliancе

Рязань облысының губернаторы Павел Малков өңірге жасалған жаппай дрон шабуылынан кейін бір кәсіпорын аумағында өрт шыққанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Telegram-арналарда жергілікті мұнай өңдеу зауытына (НПЗ) соққы жасалғаны туралы жазылып, ықтимал өрттің видеолары тарауда.

Оқиға 15 қарашаға қараған түні болған. Бірқатар Telegram-каналдардың мәліметінше, дрондар Рязань мұнай өңдеу зауытын нысанаға алған. Мысалы, Astra арнасы түнде түсірілген видеоны жариялап, онда жергілікті тұрғындардың айтуынша, НПЗ аумағындағы шабуылдан кейін басталған өрт көрініс тапқан. Украиналық Supernova+ арнасы да Рязань НПЗ-на дронмен соққы жасалғанын хабарлаған.

Алайда бұл ақпараттар ресми түрде расталған жоқ.

Губернатор Павел Малков 15 қараша таңертең Telegram-да дрон сынықтарының құлауы салдарынан “бір кәсіпорын аумағында өрт болғанын” жазды, бірақ нақты қай кәсіпорын екенін атаған жоқ. Оның айтуынша, алдын ала дерек бойынша, зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары