Malim.kz
Әлем

Рубио мен Зеленский Мюнхенде Ресеймен жаңа келіссөздерді талқылады

Арман Қайыпхан
Фото: Ukranian Presidency/Anadolu/picture alliancе

Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында кездесу өткізіп, Ресеймен жаңа келіссөздер раундын талқылады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Кездесу сенбі, 14 ақпанда өтті. Тараптар Украина, Ресей және АҚШ арасындағы соғысты аяқтауға бағытталған үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңін талқылады. Бұл келіссөздер 17–18 ақпанда Женевада өтеді.

Зеленский Киев үшін қауіпсіздік кепілдіктері мен Украинаның экономикалық қалпына келу мәселелерінде «нақты ілгерілеуге қол жеткізу маңызды» екенін атап өтті.

Украина басшысы әлеуметтік желідегі жазбасында Рубионы майдандағы жағдай және Ресейдің Украина энергетикалық жүйесіне жасаған соққылары туралы хабардар еткенін айтты. Сондай-ақ ресейлік шабуылдардан кейін бейбіт тұрғындарды суықтан қорғау мәселесі де талқыланды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары