Қостанай облысы Рудный қаласында криминалдық полиция қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz “ТоболИнфо” басылымына сілтеме жасап.
Олар пара алды деген күдікке ілінген.
Деректерге қарағанда, бұл жағдай наурыз айында болған, алайда ақпарат тек қазір ғана белгілі болды.
Қостанай облыстық полиция департаменті 17 наурызда үш қызметкердің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің антикоррупциялық қызметі мен ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізген бірлескен операция барысында қолға түскенін растады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі (пара алу) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілер қамауға алынды.