Malim.kz
Қоғам

Руслан Желдібай қызметіне қатысты мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өз қызметін ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, аталған қызметті атқару барысында Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттерді тиісті деңгейде орындауға күш салған.

«Осы кезеңде қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деп сенемін. Мемлекеттік қызметті әрдайым үлкен жауапкершілік ретінде қабылдаймын. Алдағы уақытта да кәсіби тәжірибемді ел мүддесіне, отанымызды дамытуға пайдаланамын», — деп жазды ол.

Сондай-ақ экс-баспасөз хатшысы өзіне қолдау білдірген жандарға алғысын айтты.

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары