Malim.kz
Әлем

Сәбилі болу үшін 400 еркекпен жатқан әйгілі актриса ақыры ана атанды

Мадияр Қапанбек
Бонни Блю. Фото: instagram.com/bonnie_blue_xo

Ересектерге арналған контентімен танылған британдық Бонни Блю, шын аты Тиа Биллингер, тұңғыш сәбиін дүниеге әкелгенін хабарлады. Оның өкілі де бұл ақпаратты растап, 27 жастағы блогердің жағдайы жақсы екенін мәлімдеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Us Weekly басылымының жазуынша, Бонни Блю Instagram парақшасында жүктілік кезеңінен босанғанға дейінгі сәттер жинақталған видео жариялады. Кадрлардың бірінде ол Лондондағы Сент-Мэри ауруханасының Lindo Wing бөлімшесінің маңында көрінеді. Кейін жаңа туған сәбиді қолына ұстап түскен суретін де бөліскен. Баланың жүзі жасырылған.

Ол жазбасын "Енді біз 1058 болдық" деген сөзбен жариялап, көк жүрек эмодзиін қалдырған. Шетелдік басылымдар мұны сәбидің ұл болуы мүмкін деген ишара ретінде бағалады. Алайда баланың жынысы туралы ресми мәлімет бөлек жарияланған жоқ.

"1058" саны Бонни Блюдің бұған дейінгі ең көп талқыланған акциясына қатысты. Ол 2025 жылдың қаңтарында 12 сағат ішінде 1057 ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мәлімдеген еді. Бұл ақпарат оның жеке мәлімдемесіне негізделген.

2026 жылдың ақпанында Бонни Блю "ұрпақ жалғастыру миссиясы" деп атаған тағы бір акция кезінде шамамен 400 ер адаммен қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскенін және содан кейін жүкті болғанын мәлімдеді. Алайда бір айдан соң ол жүктілікке қатысты алғашқы жарияланымдарының бір бөлігін "rage bait", яғни жұртты әдейі елең еткізуге бағытталған әрекет деп атаған. Кейінірек өзінің шын мәнінде жүкті екенін қайта мәлімдеп, маусым айында сәбиге арналған кеш өткізді.

30 тамызда оның өкілі Us Weekly басылымына Бонни Блюдің сәби дүниеге әкелгенін растады. Бұл оның алғашқы баласы.

Бонни Блю кім?

Бонни Блюдің шын аты – Тиа Биллингер. Ол 1999 жылдың мамырында Англияның Стейплфорд елді мекенінде дүниеге келген. Балалық шағы Ноттингем маңындағы Дрейкотт ауылында өткен.

Мектептен кейін ол жоғары сыныптағы оқуын аяқтамай, жұмысқа орналастыру және кадр іріктеу саласында қызмет еткен. Кейін бұл жұмыстан кетіп, өмір салтын өзгертуді шешкен.

Тиа жасөспірім кезінде Олли есімді жігітпен танысқан. Екеуі 2022 жылы шаңырақ көтеріп, Австралияға көшкен. Сол жақта Биллингер ересектерге арналған онлайн-контент түсіре бастаған. Ал 2023 жылдың қарашасында ерлі-зайыптының екі жаққа кеткені айтылады.

Бастапқыда ол веб-камера арқылы жұмыс істеп, кейін OnlyFans платформасына көшкен. "Bonnie Blue" лақап атымен танылғаннан кейін оның аудиториясы тез өсті. Өзі ұйымдастырған даулы акциялар мен әлеуметтік желідегі арандатушы мәлімдемелері оның есімін Ұлыбританиядан тыс жерлерге де танытты.

2025 жылдың қаңтарында Бонни Блю 12 сағат ішінде 1057 ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мәлімдеп, халықаралық БАҚ назарын аударды. Кейін оның контенті OnlyFans платформасынан алынып, аккаунтына шектеу қойылғаны хабарланды. Ол жұмысын басқа ақылы платформаларда жалғастырды.

2025 жылы Channel 4 телеарнасы оның өмірі мен жұмысын көрсететін "1000 Men and Me: The Bonnie Blue Story" деректі фильмін шығарды. Телеарнаның ресми дерегінше, бұл жоба сол жылы Channel 4 платформасындағы ең көп қаралған деректі фильмдердің біріне айналды.

Бонни Блюдің әрекеттері қоғамда жиі пікірталас тудырады. Бір тарап оны әлеуметтік желідегі назарды табыс көзіне айналдыра білген контент жасаушы деп бағаласа, екінші тарап оның экстремалды акциялары мен жастарға ықпалына сын айтады. 2025 жылы түсірілген Channel 4 деректі фильмі де оның бизнес-моделі мен қоғамдағы даулы бейнесін осы тұрғыдан қарастырған.

Ал 2026 жылдың тамызында Тиа Биллингер өміріндегі жаңа кезеңді бастап, алғаш рет ана атанғанын жариялады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары