Malim.kz
Саясат

Садыр Жапаров пен Эмомали Рахмон Астанаға келді

• Malim Админ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Астанаға келді.


Тәжікстан көшбасшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Рахмонды Астана халықаралық әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Астана әуежайында Садыр Жапаровты премьер-министрдің орынбасары - Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алғанын хабарлады.

Фото: president.tj

Malim Админ
Автордың басқа материалдары