Malim.kz
Саясат

Садыр Жапаров Тоқаевты әуежайдан құрметпен шығарып салды

Арман Қайыпхан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық Манас әуежайынан Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров құрметпен шығарып салды.

Бұған дейін президент Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы мектеп-гимназияға барған еді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бірнеше бағытта келіссөз жүргізген болатын. 

Фото: Ақрода

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары