Ғалымдар “Ақырзаман сағатының” тілін 4 секундқа жылжытып қойды. Сөйтіп, адамзаттың ядролық ақырзаман сағаты соғуына небәрі 85 секунд қалды. Бұл туралы RTVI басылымы жазыпты.
Ақырзаман сағаты - Чикаго универсетиті ғалымдарының жобасы. Ол сағат 1947 жылдан бері әлемнің қаншалықты - ядролық қауіп алдында тұрғанын көрсетеді. Осы сағаттың авторы, Америкалық атом жөніндегі ғалымдарының журналының бас директоры Александра Беллдің айтуынша, былтыр адамзат қауіптердің алдын алу жөнінен айтарлықтай нәтиже шығара алмады. Оның тұжырымынша, әлемде дипломатия күйреп жатыр, ал ядролық сынақтар ықималдығы айтарлықтай артты. Бұлардың барлығы “Ақырзаман сағатының” тілін алға жылжытуға әкеліп отыр.
Александра Белл ханым қауіптердің арасында Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысын, үнді-пәкістан қатынастарының нашарлауын, Иранды АҚШ пен Израильдің бомбалауын, Корея түбегіндегі ахуалды, Тайвань мен Қытай арасындағы кикілжіңді және батыс жарты шардағы Трамп келгелі ушығып кеткен жағдайды атады.
Ғалымның айтуынша, ядролық қаруды ғарышқа орналастыру туралы әңгімелер де ядролық қауіпті айтарлықтай арттырып отыр.